1-ші Қазақстандық халықаралық «Коммерциялық автокөлік және арнайы техника» көрмесі

Алматы, Қазақстан «Атакент» ҚІЫО Тимирязев көшесі, 42

1-ші Қазақстандық халықаралық «Коммерциялық автокөлік және арнайы техника» көрмесі

Алматы, Қазақстан «Атакент» ҚІЫО Тимирязев көшесі, 42

COMTRUCKS Kazakhstan 2027

1-ші Қазақстандық халықаралық «Коммерциялық автокөлік және арнайы техника» көрмесі

  • Өтетін орны: Алматы қ., «Атакент» көрме орталығының ашық алаңы

  • Өтетін уақыты: 2027 жылғы 12–14 ҚАЗАН

  • Өткізілу мерзімділігі: екі жылда бір рет

  • Форматы: B2B

Ілеспе іс-шаралар:

  • Қазақстан көлік апталығы, оның құрамына 30-шы мерейтойлық Қазақстандық халықаралық «Көлік және логистика» – TransLogistica Kazakhstan көрмесі (9, 10, 11 павильондар) және халықаралық «New Silk Way» көлік-логистикалық бизнес-форумы кіреді
  • Жеңіл және жүк көліктеріне, сондай-ақ арнайы техникаға арналған автожабдықтар, қосалқы бөлшектер, аксессуарлар мен жабдықтардың 26-шы халықаралық International Auto Expo көрмесі (7, 8 павильондар)

COMTRUCKS Kazakhstan 2027 көрмесіне стендпен қатысу құны мен шарттарын біліңіз
Сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыз:
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., +7 771 258 34 34


COMTRUCKS Kazakhstan – бүкіл көлік экожүйесіне арналған бірыңғай алаң

COMTRUCKS Kazakhstan көрмесі алғаш рет 2027 жылы Алматы қаласында Орталық Азиядағы ең ірі көлік-логистикалық TransLogistica Kazakhstan және International Auto Expo автокомпоненттер көрмелерімен бір уақытта өтеді.

Бүкіл көлік экожүйесіне арналған бірыңғай алаң коммерциялық көлік өндірушілерін, логистикалық компанияларды, жүк тасымалдаушыларды, автожабдықтар дистрибьюторларын, сервистік орталықтарды, жүк иелерін және корпоративтік тапсырыс берушілерді біріктіретін бірегей бизнес-платформа қалыптастырады.

Қатысушылар үшін бұл бірден бірнеше әлеуетті клиенттер мен серіктестер санатына қол жеткізуді, техниканы барынша кең кәсіби аудиторияға таныстыру мүмкіндігін және бір бағыттағы мамандандырылған көрмемен салыстырғанда едәуір көп іскерлік байланыстар орнатуды білдіреді.


НЕГЕ ҚАТЫСУ ҚАЖЕТ

  • Мамандандырылған ашық экспозиция – 3 000 ш.м.
  • Ең ірі әрі ең көп келуші жинайтын көрмелермен қатар өткізілуі: «Көлік және логистика» – TransLogistica Kazakhstan (9, 10, 11 павильондар) және «Жеңіл және жүк көліктеріне, сондай-ақ арнайы техникаға арналған автожабдықтар, қосалқы бөлшектер, аксессуарлар мен жабдықтар» – International Auto Expo (7, 8 павильондар).
  • Орталық Азияның қарқынды дамып келе жатқан нарығына қол жеткізу және Қазақстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның барлық өңірлерінен келушілерді қамту
  • Өнімдеріңізді негізгі B2B серіктестерге таныстыру және сатып алушылармен тікелей байланыс орнату мүмкіндігі
  • Брендті нығайтуға және сала мамандарымен нетворкинг жүргізуге арналған тиімді алаң
  • Халықаралық көрмелерді ұйымдастыруда 30 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіби ұйымдастырушы – Iteca компаниясы

КӨРМЕ БӨЛІМДЕРІ

  • Жүк автокөлігі
  • Тіркемелі техника, қондырмалар
  • Жеңіл коммерциялық көліктер
  • Жолаушылар автокөлігі
  • Арнайы автотехника
  • Рефрижераторлар
  • Бағдарламалық қамтамасыз ету, IT-шешімдер, телематика
  • Электр көлігі
  • Салалық қауымдастықтар