1-ші Қазақстандық халықаралық «Коммерциялық автокөлік және арнайы техника» көрмесі

Алматы, Қазақстан «Атакент» ҚІЫО Тимирязев көшесі, 42

1-ші Қазақстандық халықаралық «Коммерциялық автокөлік және арнайы техника» көрмесі

Алматы, Қазақстан «Атакент» ҚІЫО Тимирязев көшесі, 42

COMTRUCKS Kazakhstan көрмесіне не үшін қатысу қажет

Техниканы нақты көлемде көрсету

Ауданы 3 000 ш.м. болатын ашық экспозиция коммерциялық көлік өндірушілері мен дилерлеріне жүк көліктерін, автобустарды, тіркемелі техниканы және арнайы көліктерді өздерінің мақсатты аудиториясына тікелей таныстыруға бірегей мүмкіндік береді.

Әлеуетті сатып алушыларға тікелей қол жеткізу

COMTRUCKS Kazakhstan көрмесінің TransLogistica Kazakhstan көрмесімен бір уақытта өткізілуі қатысушыларға автопаркті жаңартуға және кеңейтуге қызығушылық танытатын кәсіби келушілердің кең аудиториясына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Келушілер мен қатысушылар қатарында логистикалық операторлар, көлік компаниялары, жүк тасымалдаушылар, курьерлік және жедел жеткізу қызметтері, сондай-ақ мультимодальды және интермодальды тасымалдауларды жүзеге асыратын компаниялар бар. Дәл осы ұйымдар коммерциялық көлік пен арнайы техниканың негізгі тапсырыс берушілері болып табылады.

Кәсіби аудиторияның барынша шоғырлануы

TransLogistica Kazakhstan – Орталық Азиядағы көлік және логистика саласындағы ең ірі көрме. 2025 жылы көрмеге әлемнің 21 елінен 303 компания қатысып, кәсіби келушілер саны 49 елден келген 6 463 маманды құрады.

Мазмұнды іскерлік бағдарлама

Қазақстан көлік апталығы аясында COMTRUCKS Kazakhstan қатысушыларын мемлекеттік органдардың, салалық қауымдастықтардың, көлік-логистикалық компаниялардың, техника өндірушілерінің және нарық сарапшыларының қатысуымен өтетін мазмұнды іскерлік бағдарлама күтеді.

Талқылаудың негізгі тақырыптары көлік инфрақұрылымын дамыту, коммерциялық автопаркті жаңарту, инновациялық технологияларды енгізу, көлік саласын цифрландыру, жүк және жолаушылар тасымалының тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азиядағы коммерциялық көлік нарығының даму перспективалары болады.

Іскерлік бағдарлама тапсырыс берушілермен, серіктестермен және шешім қабылдайтын тұлғалармен тікелей диалог орнатуға қосымша мүмкіндік беріп, саланың даму үрдістері мен перспективалары туралы өзекті ақпарат алуға жағдай жасайды.

COMTRUCKS Kazakhstan көрмесіне қатысу техниканы таныстырып қана қоймай, сатып алу туралы шешім қабылдайтын тұлғалармен тікелей байланыс орнатуға, дилерлік желіні кеңейтуге және Қазақстан мен Орталық Азия нарығындағы компанияның позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

ҚАТЫСУШЫЛАР:

  • Жүк көліктері мен жүк тасымалына арналған LCV көліктерінің, тіркемелер мен жартылай тіркемелердің, қондырмалардың, рефрижераторлардың өндірушілері мен дилерлері
  • Автобустардың, шағын автобустардың және жеңіл коммерциялық көліктердің өндірушілері мен дилерлері
  • Электр көліктерінің өндірушілері мен дилерлері
  • Самосвалдардың, автоцистерналардың, құрылыс және коммуналдық техниканың, сондай-ақ өзге де арнайы техниканың өндірушілері мен дилерлері
  • Бағдарламалық қамтамасыз ету, IT-шешімдер және телематика әзірлеушілері мен жеткізушілері
  • Салалық қауымдастықтар

КЕЛУШІЛЕР:

  • Автопарк иелері
  • Логистикалық және көлік компанияларының басшылығы
  • Курьерлік қызметтер мен жедел жеткізу компанияларының өкілдері
  • Автомобиль индустриясы мен көлік саласының сарапшылары
  • Жүк иелері
  • Коммерциялық көлік дилерлері
  • Құрылыс компанияларының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарының және мемлекеттік коммуналдық қызметтердің өкілдері