1-ші Қазақстандық халықаралық «Коммерциялық автокөлік және арнайы техника» көрмесі

Алматы, Қазақстан «Атакент» ҚІЫО Тимирязев көшесі, 42

1-ші Қазақстандық халықаралық «Коммерциялық автокөлік және арнайы техника» көрмесі

Алматы, Қазақстан «Атакент» ҚІЫО Тимирязев көшесі, 42

Translogistica Kazakhstan 2025 келушілерінің пікірлері

Алмат Сапарғалиев, Коммерциялық директор, «AVA Solution» ЖШС

Мен көрмені оның бастау алған кезінен бастап келіп көремін. Биыл бәрі өте жоғары деңгейде өтті! Біз Қытайда кеңселері мен қоймалары бар көлік компаниясын таныстырамыз, ал бұл көрме әріптестермен және сирек кездесетін серіктестермен жүздесуге тамаша мүмкіндік болды. Бүгін мен үшін көбірек танысу күні болды — көрмені аралап, экспозициямен таныстым, бірнеше компаниямен кездестім. Алдағы күндері нақты келіссөздер мен кездесулер өткізуді жоспарлап отырмын. Келесі жылы да көрмеге міндетті түрде келемін.


Наталья Липатова, Директордың орынбасары, «Kazremtrans» ЖШС

Алматыдағы көрмеге алғаш рет келіп отырмын, өткен жылы Астанада болған едім. Мұнда компаниялар әлдеқайда көп — әсіресе Қытайдан келген серіктестердің және біз үшін маңызды Түркиядан келген халықаралық агенттердің көп болғаны қуантты. Маңыздысы — резиденттермен қатар резидент еместер де белсенді қатысып отыр. Бізге қызықты бірнеше компания таптық, енді олардың шарттарын салыстырып, бағаларын талдаймыз. Жалпы әсерім өте жақсы, келесі жылы көрме басқа қалада өтсе де, баруға тырысамыз.


Шыңғыс-Хан Тәжек Тегій, Сатып алу және логистика бөлімінің бастығы, «Scat Airlines»

Көрмеге екінші рет келіп отырмын. Биыл бәрі тамаша: жақсы формат, ұйымдастыру деңгейі жоғары. Алғашқы рет келгенде көптеген пайдалы байланыстар орнаттық, қазіргі кезде солармен жұмыс істеп жатырмыз. Биыл да қызықты келісімдер жасалды. Алдағы уақытта да келуді жоспарлап отырмын.


Анастасия Русанова, Логистика бөлімінің жетекшісі, «Industrial Recycling» ЖШС

Мен бұл көрмеге алғаш рет келіп отырмын. Көрме көлемі жағынан өте ауқымды екен: бізге қазір немесе болашақта қызықты болуы мүмкін елдердің барлығы дерлік қатысып отыр. Әсіресе Қытай, Әзербайжан, Грузия және вагон иелері болып табылатын отандық компаниялардың көптігі ерекше әсер қалдырды. Көрме кең көлемде және жақсы ұйымдастырылған, алда әлі конференциялар бар. Бізге қызықты бірнеше компаниямен танысып, байланыс орнаттық. Әзірге нақты келісімдер жоқ, бірақ оларды дамыту жоспарда бар. Келесі жылы да келемін деп жоспарлап отырмын.


Айбол Дизимбек, «Байсар Global LTD» ЖШС

Біз көрмеге алғаш рет келдік және өте жақсы әсер алдық. Көрме біз үшін пайдалы болды: қызықты компаниялармен таныстық, олардың 1–2-уімен келісімге қол жеткіздік. Келесі жылы да келуді жоспарлап отырмыз.